Қазақстан чемпионатында елордалық асықшылар үздік атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласында асық атудан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асық федерациясының хабарлауынша, чемпионатқа 9 команда, атап айтқанда, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, ШҚО, Түркістан, Павлодар облыстары мен Тараз, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларының асықшылары өзара бақ сынасты. Сақасын иіріп, алшысынан түсірген асықшылар аянып қалған жоқ. Қол мергендігі мен көз мергендігі қатар сынға түскен тартысты сайыста Нұр-Сұлтан командасы бірінші орын алса, Түркістан облысы екінші орын, Шымкент қаласы үшінші орынды иеленді.

Бес асықтан 6 команда (Жамбыл облысы, ШҚО, Түркістан облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Нұр-Сұлтан қаласы) сайысқа түсті. Тартысты бәсекеде тағы да Нұр-Сұлтан командасы қара үзіп шығып, жүлделі екінші және үшінші орын Қостанай мен Түркістан облысының асықшыларына бұйырды.

Айта кетсек, асық атудың жарысы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі» бойынша өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар