Қазақстан Челябі облысында өтетін ШЫҰ оқу-жаттығуларына қатысады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Челябі облысының Чебаркуль қаласының маңында орналасқан полигонда Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер Қарулы күштерінің «Бейбіт миссия - 2018» бірлескен әскери антитеррористік командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталады.

 Бұл жөнінде ТАСС агенттігіне Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант Александр Лапин мәлім етті.

«Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Үндістан, Пәкістан елдерінің, сондай-ақ, Қытай Халық-азаттық армиясының  әскери басқарма органдары, құрлықтағы әскер бөлімшелері мен қарулы күштер авиациясы қатысады. Өзбекстан өкілдері бақылаушы ретінде келеді.  «Бейбіт миссия - 2018» оқу-жаттығуларына ШЫҰ-на мүше-мемлекеттердің 3 мыңдай әскери қызметкері мен 500-ден астам техника жұмылдырылды», - деді Лапин.

Челябі облысына теміржол көлігімен және ұшақтармен өздерінің техникасын жеткізген 1,7 мыңнан астам шетелдік әскерилер келді.

Шанхай ынтымақтатық ұымы құрылғалы бері оған мүше мемлекеттер бірнеше рет «Бейбіт миссия» атауымен бірлескен антитеррористік оқу-жаттығулар өткізіп үлгерді. Олардың алғашқысы 2003 жылдың тамыз айында Өзбекстаннан басқа ШЫҰ-ға мүше барлық елдердің қатысуымен Қазақстан мен Қытай аумағында өткен.

Мұндай жаттығулар екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Соңғы рет 2016 жылы Қырғызстан аумағында өткізілген.

Соңғы жаңалықтар