Қазақстан былтыр уран саудасынан қанша табыс тапты

None
Фото: eenergy.media
АСТАНА. ҚазАқпарат – БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов былтыр компания уран саудасынан қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша компанияның шоғырландырылған кірісі алғаш рет 1 трлн теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 45% өсті. Операциялық пайда 456 млрд теңгеге жетіп, 2021 жылмен салыстырғанда 91% ұлғайды. Бұл өнім сатудың орташа бағасының өсуімен байланысты болды. Ал компанияның таза пайдасы – 473 млрд теңге. Бұл алдынғы жылдағы көрсеткіштен 115% көп», - деп компанияның есебін жариялады Ержан Мұқанов.

Сонымен қатар ол келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталатынын мәлім етті.

Бұған қоса, өткен жылы елімізде уран өндірісі 3% төмендегені, былтыр Қазақстан Қытайға 30 тоннадан астам төмен байытылған уран экспорттағаны айтылды.


Соңғы жаңалықтар