Қазақстан былтыр 55,2 млрд текше метр газ өндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан өткен жылы 55,2 млрд текше метр газ өндірді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың қорытындысында 55,2 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Бұл есепті кезеңнің жоспарымен салыстырғанда 100 пайызды құрады. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 17,2 млрд текше метрге жетті. Осы көрсеткіш өткен жылдың 12 айының жоспарының 104,2 пайызына тең», - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 3,2 млн тонна болды. Бұл өткен жылдың жоспарымен салыстырғанда 100 пайызды құрайды.

«Экспортқа шығарылған газ көлемі 10,7 млрд текше метрді құрап, бұл 2020 жылдың жоспарымен салыстырғанда 102 пайыз болды», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар