+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстан былтыр 29,3 млн тонна көмір экспорттаған

2021 жылғы 18 мамыр 11:14
Бөлісіңіз:
Қазақстан былтыр 29,3 млн тонна көмір экспорттаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі көмір өндіруші компаниялар 4 айдың ішінде 36,5 млн тонна көмір өндірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бал өндіретін 10 кәсіпорын Сауд Арабиясының сенімді экспорттаушылар реестріне енгізілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында айтты.

«Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша көмірді тұтыну көлемі шамамен 10 млн тонна болды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, халыққа 7,2 млн тонна бағытталды. Көмірмен қамтамасыз ету көлемі 100% құрады», - деген министр алдағы маусымға қажет отын мөлшерін әкімдіктер 1 шілдеге дейін ұсынуы қажет екенін ескертті.

«2020 жылы жоспар бойынша (көмір концентратын есептемегенде) 107,2 млн тонна көмір өндірілді. Елдің ішкі нарығында энергия өндіруші кәсіпорындарға 58,8 млн тонна көмір тиелді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% артық (57,3 млн. тонна). Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн тонна көмір бағытталды. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа деп 10,6 млн тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 29,3 млн. тонна көмірді құрады. Жалпы алғанда, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Көмір тапшылығы болмауы тиіс», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT