Қазақстан БҰҰ-ның медиациялық татуласу туралы конвенциясына қол қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан Республикасы атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Конвенция БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясымен (UNCITRAL) әзірленген және коммерциялық дауларды медиация жолымен реттеу туралы келісімдерді орындау үшін халықаралық режімді енгізуге бағытталған.

Конвенцияға қол қою рәсіміне 46 мемлекет қатысты, олардың қатарында Аустралия, Қытай, АҚШ, Швейцария, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа елдер бар.

«Посткеңестік кеңістіктегі азиялық аймақтан Қазақстан Республикасы Конвенцияға қол қойған бірінші мемлекет болып табылады, бұл осы аймақта Қазақстан коммерциялық дауларды шешудің дамуы процесінде көшбасшы екендігінің тағы бір дәлелі.

Конвенция медиация жолымен реттелген трансшекаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуді көздейді, сондай-ақ халықаралық коммерциялық дауларды реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны нығайтуға бағытталған», - делінген ресми ақпаратта.

Осылайша, Конвенция соттарды таңдау жөніндегі келісімдер туралы Гаага Конвенциясын және шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы Нью-Йорк конвенциясын толықтыра отырып, халықаралық дауларды жеңілдетілген тәртіппен шешуді қамтамасыз ету шеңберіндегі кемшіліктерді жояды.

Соңғы жаңалықтар