Қазақстан БҰҰ ҚК Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка жөніндегі пікірталасына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация Қауіпсіздік Кеңесінің «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды жан-жақты шолу» ашық пікірсайысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыс Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершининнің төрағалығымен өтті.

БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Таяу Шығыстағы қақтығыстардың Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және басқа аймақтарға кері әсер етіп жатқанын атап өтті.

«БҰҰ мүше елдері, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері және араб мемлекеттері, Израиль, Иран арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайту арқылы бұл мәселені шешуге болады», - деп мәлім етті қазақстандық дипломат.

Қазақстан делегациясының мәлімдемесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік. XXI ғасыр» манифестінде баяндалған сөздеріне негізделген.

Қазақстандық тарап бәрін тегіс қамти алатын гуманитарлық жоспар жасауды ұсынды. Оны шиеленіске қатысы бар елдердің үкіметтері БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, құруы тиіс.

Қазақстан өкілі БҰҰ жарғысына сәйкес, соғыс жүріп жатқан елдерде тәуелсіздік пен егемендікті құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар