19.05.2021 09:35 Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында биологиялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге шақырды НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов жаңа технологиялардың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке әсеріне арналған «Аррия формуласы» бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.
16.02.2020 16:53 Екі күнде 12 кездесу: Президенттің Германияға сапары қалай өтті МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға екі күндік жұмыс сапары өтті. Президент 14-15 ақпандағы Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін осы елге арнайы келді. Сарапшылар бұл сапар өте жемісті болды, деп бағалады. Атап айтқанда, Қ.Тоқаев конференциядан тыс әлемдік көшбасшылармен, халықаралық ұйымдардың және Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылармен кездесу өткізіп үлгерді.
01.11.2019 18:53 Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі туралы пікір білдірді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.03.2019 15:09 Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1000-нан астам отырысына қатысты АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның мүшелегі кезіндегі ресми шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.01.2019 22:53 Лавров Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты жұмысымен құттықтады МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесуде Қазақстанды 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына тұрақты емес мүше ретінде табысты атсалысуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
25.01.2019 12:28 Қазақстан БҰҰ-ға алғаш рет Тұрақты даму бойынша есеп береді АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан БҰҰ алдында алғаш рет еліміздегі Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағытында есеп береді. Бұл туралы елордада өткен семинарда ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18.01.2019 10:53 Нью-Йоркте студенттер БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның жұмысы бойынша пікірсайысқа қатысты НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының магистранттары БҰҰ үлгісі бойынша Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінің қорытындылары туралы «дөңгелек үстелге» қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03.01.2019 16:20 БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның бастамасы бойынша жаңа дәстүр енгізілді НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату ресми рәсімін өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
14.12.2018 16:43 БҰҰ ҚК мүшелері Сирия келіссөздерінде Астана процесін жоғары бағалады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға трансшекаралық гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру туралы қарарын қолдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.12.2018 20:30 Сарапшылар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігін талқылады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында Еуропарламент депутаттары, дипломатиялық корпус және сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің қорытындыларын талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
26.11.2018 17:52 «Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» маркасы айналымға шықты АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясындағы «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» пошталық марка айналымға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.11.2018 15:42 Қазақстанның Терроризмге қарсы кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездеу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.11.2018 01:22 Қазақстан Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы БҰҰ ҚК-нің қарарын қолдады НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритрея еліне қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
13.11.2018 02:16 Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көп жақтылықты нығайтуға шақырды НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат -Қазақстанның делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көп жақтылықты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеп, бүкіл әлем мемлекеттерін халықаралық құқықты, БҰҰ Жарғысының қағидалары мен мақсаттарын құрметтеуге негізделген жаһандық тәртіпті және қауіпсіз әлемді құру үшін бірігуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
29.10.2018 17:45 Қазақстан БҰҰ миссиясындағы үш әскери қызметшіні алмастырады АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Батыс Сахарадағы референдум жөніндегі миссиясында қызмет атқарып жүрген Қазақстанның үш әскери қызметшісі ауыстырылады. Бұл туралы ҚР СІМ-де өткен брифингте ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.10.2018 00:51 Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мьянмада жасалған қылмысты айыптады НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Мьянмадағы ахуалы туралы отырысында Қазақстан Ракхайн штатында жасалған қылмысты айыптап, осы елдегі гуманитарлық дағдарысты бүкіл халықаралық қоғамдастықтың қатысуымен жедел және жан-жақты түрде шешуге шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
17.10.2018 12:20 Нұрсұлтан Назарбаев: Еуразияның ынтымақтастығы әлемдік жүйені бекемдей алады АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа мен Азияның 51 мемлекетінің басшылары мен үкімет басшылары бас қосатын Брюссельдегі «Азия-Еуропа» ХІІ саммитіне екі күн қалғанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ауқымды мәселелерге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі EURACTIV-ке сілтеме жасап.
05.10.2018 14:20 Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің сыртқы саясаты нені талап ететіндігін айтты АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
30.09.2018 07:22 БҰҰ-да халықаралық түйіткілдер бойынша Қазақстанның ұстанымы таныстырылды НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының жалпы пікірталас алаңында сөз сөйлеп, өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.09.2018 20:16 БҰҰ-да ҚР Президенті ұсынған Терроризмге қарсы кодекске қол қойылды НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - БҰҰ штаб-пәтерінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қою рәсімі өтті. Аталған құжаттың пысықталуы 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген бастама аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.