Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы дағдарысты шешуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысушылар Сирияда бейбітшілікке қол жеткізу үшін Астана процесінің шеңберіндегі келіссөздерді жалғастыру және Женевада күш-жігерді қолдау қажеттілігін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыс барысында қазақстандық делегация Сириядағы дағдарысты саяси тұрғыдан, соның ішінде сириялық конституциялық комитетін құру арқылы шешуге шақырды.

«Сириялықтар өздері ғана халықаралық қауымдастықтың қолдауымен сирия елінің болашақ саяси жүйесін құруын бастау керек», - деді Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Қанат Тұмыш.
null 

Қазақстан барлық қызығушылық танытқан тараптарды 17 қыркүйекте Астана процесінің кепіл мемлекеттері Ресей мен Иран қол қойлған Сирия Идлибтегі деэскалация аймағында жағдайды тұрақтандыру туралы меморандумды жүзеге асыруда ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ елдің барлық жерлеріне ең қысқа бағытымен қауіпсіз және кедергісіз гуманитарлық қол жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды.

null 

Соңғы жаңалықтар