+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

2021 жылғы 22 ақпан 21:16
Бөлісіңіз:
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің (БҰҰ АҚК) 46-шы сессиясының жоғары деңгейдегі сегменттің онлайн-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе прокуратурасы 200-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады Адам капиталы мен адам құқын қорғау мәселесін Президент басты орынға қоюда — Марат Башимов

Іс-шараға БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет, 150-ден астам елдің үкімет басшылары мен министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

М.Тілеуберді өз сөзінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында ел дамуының негізгі басымдықтарының бірі Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың адам құқықтары саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарды сақтауға арналған бағыты болып қала беретінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы қатысушыларды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу бөлігінде бастамашылық еткен саяси реформалар пакетін іске асырудың табысты тәжірибесі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, бейбіт жиындар туралы жаңа заңның қабылдануы, жала жабуды қылмыстық сипаттан арылту, қылмыстық кодекстің жекелеген баптарын ізгілендіру, әйелдер мен жастар үшін 30% сайлау квотасын енгізу, сондай-ақ Қазақстанның өлім жазасының күшін жою туралы екінші Факультативтік Хаттамасына қосылуы өзекті жетістіктер қатарында атап өтілді.

М. Тілеуберді Қазақстанның бейбітшілікті, келісімді нығайту және адамның іргелі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ұжымдық жаһандық күш-жігерге барынша үлес қосуға бейілділігін растады. Осыған байланысты ол Қазақстанның 2022-2024 жылдарға арналған БҰҰ АҚК мүшелігіне өтінімін жариялап, оның халықаралық қоғамдастықтың тарапынан қолдауына үміт білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT