+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Қазақстан БҰҰ Адам дамуының индексі бойынша Беларусь пен Ресейден кейін тұр

2017 жылғы 23 наурыз 10:04
Бөлісіңіз:
Қазақстан БҰҰ Адам дамуының индексі бойынша Беларусь пен Ресейден кейін тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Даму бағдарламасы 2016 жылға арналған адам дамуы жөніндегі баяндамасын жария етті. Онда Қазақстанның Адам дамуының индексінде (АДИ) 56-шы орынға тұрақтағандығы айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан адам дамуы жоғары деңгейдегі мемлекеттердің қатарында тұр. Алайда, ЕАЭО бойынша серіктестер Беларусь (52 орын) пен Ресейден (49) кейінгі орында. Бұл мемлекеттер адам дамуы өте жоғары деңгейдегі елдердің қатарына ілікті. Армения бұл тізімде 84 орынға тұрақтады, ал, Қырғызстан 120-шы орыннан көрінді (адам дамуы орташа деңгейдегі мемлекеттер тобы).

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Еуропа мен ТМД аймақтары Адам дамуы индексі бойынша дамушы өңірлердің арасында ең жоғары дәрежеде. Аталмыш аймақтағы мемлекеттер адам дамуы жағынан осыған дейін аздап артта қалып келгендігіне қарамастан кейінгі уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе білді.

Бұл өңірлерде сонымен қатар дамып келе жатқан өңірлерге қарағанда теңқұқылық мәселесі дұрыс шешімін тапқан. Мұнда адам дамуының теңсіздік тұрғысынан алғандағы көрсеткіші Адам дамуы индексінен небәрі 13 пайызға ғана төмен.

Баяндамада өңірдегі әрбір елде белгілі бір адамдардың топтары ұрпақ арасындағы байланыстың алшақтығы, лайықты өмір сүруге қол жеткізе алмау сияқты қиындықтармен кездесіп жататыны айтылған.

Айта кетейік, 2015 жылдың бағалау мәліметтері бойынша дайындалып, 2017 жылдың 21 наурызында жарияланған Адаму даму индексі бойынша мемлекеттердің тізімі БҰҰ-ның Даму бағдарламасының Адамзат дамуы туралы есебіне енгізілген. Тізімге БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің 185-і, сонымен қатар Гонконг (Қытайдың арнайы әкімшілік аумағы) пен Палестина мемлекеті кірген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT