Қазақстан Бүкіләлемдік «Жер сағаты» шарасына атсалыспақ

None
None
АЛМАТЫ. Ақпанның 16-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Қазақстан «Жер сағаты» шарасына атсалыспақ, бұл ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске аспақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорына сілтеме жасап (WWF).

Аталмыш шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. (WWF) Ауа райының өзгеруіне елдің назарын аударту үшін, наурыз айының соңғы сенбісінде шаруашылық орындары мен сауда мекемелерін бір сағатқа шамдар мен электр бұйымдарын сөндіруге шақырады. Биылғы шара 27-ші наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 20:30 өтеді.

Қазірдің өзінде әлемнің 95 елінің 1000-нан аса қаласы бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, ал олардың саны күн санап өсуде. Қазақстан бойынша Астана мен Алматы қалалары ресми түрде бұл шараға қатысатындығын жариялаған, енді басқа қалалар да олардың қатарына қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар