17:32, 31 Наурыз 2020 | GMT +6
Қазақстан Бразилиямен адамдарды және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Бразилия Федеративтік Республикасымен адамдарды ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттарды ратификациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталмыш заңдардың мәтіне баспасөзде жарияланады.