Қазақстан бойынша тұрғын үй нарығындағы келісімшарттар үлесі артып келеді

None
None
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан бойынша тұрғын үй нарағындағы келісімшарттар үлесі артып келеді.

Бұл туралы бүгін Астанадағы онлайн-конференция барысында ҚР Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смайылов айтты.

«Қазақстан бойынша тұрғын үй нарығында биылғы қаңтар-наурызда келісімшарттар көлемі 30 мыңға жетті. Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда нарықтағы белсенділік шамамен 7 пайызға өсті»,-деді агенттік басшысы. Ә. Смайыловтың сөзіне қарағанда, көптеген өңірлерде тұрғын үй нарағындағы келісімшарттар үлесі артып келеді. Ал Астанада, Алматыда, Алматы облысында, Батыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында келісімшарттар көлемі төмендеді. Ал қалған аймақтарда бұл көрсеткіш артып отыр.

«Біздің мәлімет бойынша, жаңа тұрғын үйді сату бағасы өткен жылдың желтоқсанымен салыстарғанда биылғы наурызда 2,7 пайызға өсті»,-деді төраға.

Оның айтуынша, Қазақстан бойынша келісімшарттардың өсімі байқалуда, сондай-ақ тұрғын үй бағасы да өсіп келеді.

Соңғы жаңалықтар