Қазақстан бойынша 2,4 млн адам ревакциналаудан өткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бойынша екпе алуға тиісті халықтың 52,6 пайызы ревакциналаудан өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

«Осы айда инфекциялық төсектердің қамтылуы 38%-дан 17%-ға дейін немесе 2,2 есе, реанимациялық төсектердің қамтылуы 20%-дан 14%-ға дейін немесе 6% төмендеді.

Бүгінгі таңда ересек халықтың 82,1%-ы коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алды. Бұл Қазақстан халқының 53,4%-ын құрайды.

Екінші компонентті 9,4 млн адам қабылдады, бұл екпе алуға тиісті халықтың 78,5%-ы және республика халқының 49,9%-ы», - деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері ел арасында ревакцинация деңгейінің өсуі байқалып отыр.

«Бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды. Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакцинация деңгейін төмендетпеуіміз қажет», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар