Қазақстан бокстан Азия чемпионатында 8 алтын медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста 12 медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиадалық комитет сайтына сілтеме жасап.

12 медальдың 8-і алтын. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының үлесінде 2 күміс және 2 қола медаль бар.

Алтын медальді:

Санжар Тәшкенбай (48 кг-ға дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг-ға дейін), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг-ға дейін), Ерасыл Ермек (60 кг-ға дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 кг-ға дейін), Абзал Серік (67 кг-ға дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 кг-ға дейін), Темірдан Мұқатаев (86 кг-ға дейін) алды.

Күміс медальға:

Мәди Әміров (96 кг-ға дейін) мен Даниял Сапарбай (92 кг-ға дейін) лайықты деп танылды.

Қола медальға:

Арман Алматұлы (71 кг-ға дейін) мен Дәурен Мамыр (82 кг-ға дейін) қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар