Қазақстан боксшысы Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Sports.kz мәліметінше, жеңіліп көрмеген аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий WBA International чемпионы белбеуін қорғау үшін «танк» деген лақап аты бар америкалық Джоуи Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жұдырықтасты.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа созылуы тиіс болатын. Алайда, америкалық соңына дейін шыдай алмады. Қазақстандық екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіби мансаб жолында 16-шы рет жеңіске жетті және екінші деңгейлі WBA атағын сәтті қорғап қалды. Ал Джоуи Давейко кәсіби рингте осымен 9-шы рет жеңілістің ащы дәмін татты.


Соңғы жаңалықтар