Қазақстан боксшылары қанша жүлде әкелуі мүмкін – Серік Сәпиевтің болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында Қазқастан боксшыларының жетістігіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бокстан жүлде алуға әлі де үмітіміз бар. Үш-төрт медаль алуға болады. Енді Сәкен Бибосыновтың қарсыласы – Франция боксшысы, ол өте мықты, одан өтсе келесі қарсыластарының деңгейі франциялықтай болмайды. Сосын Әбілхан Аманқұлдың, Қамшыбек Қоңқабаевтың және Зәкір Сафиуллиннің қасрыластары айтарлықтай көшбасшылар емес, оларды жеңуге болады. Сол үшін қалған төрт боксшымыз төрт медаль әкелуі де мүмкін», - деді боксшы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингте.

Айта кетейік, +91 келі салмақта мысырлық боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді айқын басымдықпен ұтқан Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты.

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездесіп, Олимпиаданы жеңіспен бастады.

63 келідегі Зәкір Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны 5:0 есебімен жеңді.

Сонымен бірге, 52 келідегі Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероаны тізе бүктірді. Ол енді 1/8 финалда франциялық Билал Беннаммен қолғап түйістіреді.



Соңғы жаңалықтар