Қазақстан боксшылары Браденбург кубогында жеті алтын жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франкфуртта бокстан жастар арасындағы «Браденбург Кубогы 2018» халықаралық турнирінде отандастарымыз  7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Бокс федерациясы таратқан мәліметке сүйенсек, алтын медальға 49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі) және Айбек Оралбай (+91) қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанған.

Ал күміс жүлдеге 69 келідегі Ермахан Жакпеков қол жеткізсе, қола медальға Нұрбек Оралбай ие болды.

Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орынды иеленді.

Соңғы жаңалықтар