Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Қазақстан бизнес құруға болатын ең жайлы шарттарды ұсынады - Үкімет басшысы

2019 жылғы 17 мамыр 12:45 579
Бөлісіңіз:
Қазақстан бизнес құруға болатын ең жайлы шарттарды ұсынады - Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин шетелдік инвесторларды Қазақстан нарығында жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда қуаты 400 мың тонналық сода зауытын салу бойынша келісімге қол қойылды

«Қазақстан инвестициялық саясаттың маңызын ескере отырып, Премьер-Министрдің жұмысына инвестициялық омбудсмен міндетін жүктеді. Шетелдік бизнеске тәжірибе үйрету мақсатында шетелдік тікелей инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес инвестициялық жобаларды іске асыру процесі кезінде мәселе туындаса, шешім іздейтін болады. Ақырында, жеке секторға негізделген экономикалық өсімнің берік моделін құрғымыз келеді», - деді Асқар Мамин АЭФ аясында өткен Жаһандық инвестиция бойынша дөңгелек үстелде.

Үкімет басшысы өз сөзінде мемлекеттік активтерді кең ауқымда жекешелендіру жұмыстары экономикадағы өндіріс деңгейін арттырып, әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндік ашатынын тілге тиек етті.

«Осының нәтижесінде экономикадағы мемлекеттің үлесін 2020 жылға дейін 17 пайыздан 15 пайызға азайтсақ дейміз. Инстуционалдық орта құру бағытындағы жұмсаған жігеріміз Қазақстанды аймақтағы бизнес үшін жайлы мемлекеттердің бірі ретінде танытты. 2018 жылы Doing Business есебі бойынша біз 190 елдің ішінде 28-ші орынға тұрақтадық. Инфрақұрылым мен көліктік шығындардың маңызын түйсіне келе автокөлік және темір жолдардың сапасын арттырып келеміз. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасының бұл процесте маңызы өте зор», - дейді ол.

Сөз соңында Асқар Мамин Қазақстанның инвестиция салудағы әлеуеті жайлы сөз қозғады.

«Біз аймақ және әлем бойынша бизнес құруға болатын ең жайлы шарттарды ұсынамыз. Тұтынушылары жеткілікті ЕАЭО-ның динамикалық әлеуеті зор. Осы сәтті пайдалана отырып, әріптестерімізді және достарымызды Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін зерттеуге шақырамыз», - деп түйді Үкімет басшысы.

Еске сала кетсек, кеше елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен XII Астана экономикалық форумы басталған болатын.

АЭФ-тың басты мақсаты - жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру. 11 жыл ішінде Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мәртебеге ие болды.

Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаты және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысты. Конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден астам меморандум мен келісім жасалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT