Қазақстан биылғы 1-жартыжылдықта 21,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 21,7 млрд доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы нарықтардағы ахуал тұрақтанып келе жатқандықтан, импорт алмастыру және экспортты дамыту бойынша қабылдап жатқан іс-шаралар биылғы жылдың алғашқы 5 айында сауда балансының оң сальдосын 7 млрд доллар деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің атап өтуінше, сыртқы сауда айналым 36,4 млрд доллар деңгейінде қалыптасты.

«Экспорт көлемі 21,7 млрд доллар, импорт көлемі 14,7 млрд доллар болды. Ал өңделген тауарлар экспорты 23,4 пайызға өсіп, 7,2 млрд долларға дейін жетті», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар