+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды

2020 жылғы 9 маусым 11:52
Бөлісіңіз:
Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ОПЕК + келісімі аясында қабылданған міндеттемелерді орындауда

«6 маусымда ОПЕК+ конференциясының отырысы өткен болатын. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан шілденің соңына дейін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін мұнай өндіретін болды. Сондай-ақ осы жылдың мамыр-маусым айларында әртүрлі себеппен өндірістің артуы байқалатын елдер бойынша шілде-қыркүйек айларында мұндай артуды өтеу туралы шешім қабылданды. Қазақстанда мамыр айының алғашқы 12 күнінің ішінде мұнайдың қосынды артуы 3,13 млн баррельді құраған болатын. Оны өтеу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Министр өз сөзінде қайта қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, 2020 жылғы өндіру болжамы 86 млн тоннаны құрайтынын жеткізді.

«Бұл – индикативтік жоспардан 4 пайыз төмен. Индикативтік жоспар 90 млн тонна болған», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT