Қазақстан биыл қанша тонна астық жиналмақ - министр жауабы
«Биыл шамамен 18-18,5 млн тонна астық бастырамыз деген жоспарымыз бар», - деді министр Орталық комуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Ал ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров астық түсіміне көктемгі егістік жұмыстарынан бастап, жайқалып өскен дәнді дақылды бастыруға дейінгі аралықты қамтитын көптеген фактордың әсер ететіндігін алға тартады.
«Сондықтан мемлекет тарапынан субсидиялау, арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету, кредиттеу сынды қажетті жағдай жасалып, барлығы дер уақытында шешілді. Бұған қоса, «Қарапайым заттар экономикасы« аясында қосымша 100 млрд теңге бөлініп отыр. Жақсы өнім алу үшін ең алдымен агротехнологияны сақтау қажет. Агротехнология - бұл ең алдымен сапалы тұқым, тыңайтқыш және техника. Бұл мәселелердің барлығы ең жоғары деңгейде шешіліп жатыр», - деді бірінші вице-министр.