Қазақстан биыл қанша астық экспортқа шығарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа маркетинг жылы Қазақстан қанша тонна астық экспортқа шығарады. Бұл сауалға бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан қазіргі уақытта 5 млн тонна астықты экспортқа жіберді. Биыл тағы 8 млн тонна астық экспорттауды жоспарлап отырмыз. Меніңше, келесі жылы да экспорт көлемі осы деңгейде сақталатын болады», - деді министрі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, былтыр елімізде 20,1 млн тонна астық бастырылды. Биыл да сол мөлшерде астық түсімі болады деген болжам бар.

«Көктемгі егістік жұмыстары күні кеше ғана толығымен аяқталды. Алда жаз мезгілі бар. Егістік алқаптарын химиялық өңдеуден де өткізуіміз керек. Сондықтан болжам жасауға әлі ерте деп ойлаймын. Дегенмен, биылғы астық түсімі өткен жылдардағы деңгейде сақталады деп үміттенемін», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар