Қазақстан биыл 250 МВт энергияны аукционға қояды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі осы жылы 250 МВт энергияны аукционға қояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аукционға қойылатын энергия мөлшерінің кестесі ведомствоның сайтында жарияланған.

«Аукцион механизмі арқылы инвесторларды тарту бойынша біршама нәтижелі жұмысқа қол жеткізгенімізді атап өту керек. Сол себепті осы тәжірибені жалғастырсақ дейміз. Осы жылы 250 МВт энергияны аукционға қою жоспарланып отыр. Аукцион алаңы Түркістан қаласының маңында орналасады. Бұл - күн энергиясына қатысты жобаларды жүзеге асыруда таптырмас жер болып отыр», - дейді Энергетика министрлігі жаңғырмалы энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуына қарағанда, аукционды осы жылдың қыркүйек немесе қараша айында өткізу көзделіп отыр.

Сонымен бірге, Айнұр Соспанованың сөзіне сенсек, аукционда жеңіске жеткеннен кейін инвесторлар аталмыш жобаны Түркістан облысында жүзеге асыра алады.

«Биылғы аукцион халықаралық инвесторлардың қызығушылығын туғызар деген үміттеміз. Біздің есебіміз бойынша, биыл аукционға 9 мемлекеттен инвесторлар қатысады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар