Қазақстан биыл 25,5 млн тонна транзит жүгін тасымалдайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биыл 25,5 млн тонна транзиттік жүкті тасымалдайды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласының негізгі міндеті - елдің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін ұлттық көлік жүйесін әлемдік көлік желісіне интеграциялау. Жалпы сала қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Әрине, пандемия көлік саласына үлкен өзгерістер енгізді. Көліктің барлық түрлері, оның ішінде жолаушылар да, жүк тасымалы да зардап шекті», - деді министр.

Мәселен, оның атап өтуінше, 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларында көлік саласының жалпы қосылған құнының нақты көлем индексі өткен жылдың көрсеткішмен салыстырғанда 91 пайызды құрады.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 1,07 млрд тонна болды.

«Пандемияға қарамастан, біз транзиттік жүк тасымалдаудың тұрақтылығы мен тиімділігін көрсете алдық. Мысалға, 2021 жылдың алғашқы 4 айында транзиттің жалпы көлемі 7,3 млн тоннаны құрады. Бұл өз кезегінде өткен жылдың көрсеткішінен 4,1 пайызға артық. Оның ішінде 337 мың контейнер жиырма футтық эквивалент тасымалданды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 52 пайызға артық. Биыл 25,5 млн тонна көлемінде транзиттік жүк, оның ішінде 1 млн жиырма футтық эквиваленттегі транзиттік контейнер тасымалдау жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар