+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды

2019 жылғы 2 қазан 17:51
Бөлісіңіз:
Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биыл 180 мың тонна бензол мен параксилол экспорттайды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстанда отын энергетикасының өндірісі төмендеді Бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ – Энергетика министрі Қазақстанда бензин бағасы өсуі мүмкін бе

«Битум өндіру 702 мың тоннаны немесе жоспардың 103 пайызын құрады. Өндіру көлемі еліміздің жол саласының қажеттілігін толығымен қанағаттандырады. 2019 жылға арналған жоспар – 767 мың тонна», - деді ол.

Оның дерегінше, Атырау мұнай өңдеу зауытында осы жылдың 9 айы ішінде 107 мың тонна хош иісті көмірсутек (бензол, параксилол) өндірілді. Аталған өнім экспортқа бағдарланған. 2019 жылға арналған жоспар – 180 мың тонна. Сонымен қатар, осы жылдың тамыз айында Алматы облысында майлайтын май өндіретін зауыт пайдалануға берілген. Оның қуаты жылына 100 мың тоннаны құрайды.

«Осы өндіріс ішкі нарықтың жағармайға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге және жақын шетелге экспортты жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT