+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Қазақстан Бішкектегі «Ұлы Жібек жолы» көрмесінің қонақтарын қалай таңғалдырды

2019 жылғы 16 сәуір 22:45
Бөлісіңіз:
Қазақстан Бішкектегі «Ұлы Жібек жолы» көрмесінің қонақтарын қалай таңғалдырды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкектегі Г.Айтиев атындағы Бейнелеу өнері музейінде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолы» интерактивті көрмесінде Қазақстан бұрышы өнер сүйер қауымның сүйікті орнына айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме аясында Қазақстан күндері өтті. Оның арқасында келушілер елімізбен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара қонақтары үшін қырғыз суретшісі Сапарбай Осмоналиевтің басшылығымен Нұр-Сұлтан қаласының көрікті орындарын бейнелеп салу бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Суретші былтыр туындыларын елордаға арнап, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы «Құрмет» орденімен марапатталған еді.

Көрменің ең жас қатысушылары үшін қазақ тіліндегі «Ер Төстік» мультфильмі көрсетілді. Бұдан бөлек, қазақстандық фильмдер көрермен назарына ұсынылып, Абай өлеңдерін оқу шарасы өтті.




Сондай-ақ, келушілер қазақ ұлттық ойындарының ережелерімен және тарихымен танысты, тіпті өздері ойнап та көрді. «Рухани жаңғыру» викторинасына қызығушылық танытты.


Қазақстан күндері аясында «Алатау» Жамбыл облыстық фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Қатысушылар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ және қырғыз халықтары мәдениетінің ұқсастығын атап өтті.


Көрмеге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, Моңғолия, Жапония, Оңтүстік Корея, Пәкістан өз экспонаттарын ұсынды.


Іс-шараның мақсаты - интерактивтік әдістерді қолдана отырып, Ұлы Жібек жолындағы мемлекеттер туралы ақпарат беру.

Автор: Наталья Гильт

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT