USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстан Бішкектегі қайырымдылық фестиваліне қатысты

2016 жылғы 16 қазан 12:25
Бөлісіңіз:
Қазақстан Бішкектегі қайырымдылық фестиваліне қатысты

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкектегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері және олардың отбасы Қырғызстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қырғызстан СІМ құрылуының 25 жылдығына орай өткізілген аспаздық және кәдесыйлық өнімдердің халықаралық қайырымдылық фестиваліне қатысты. Бұл туралы Бішкектегі «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.

«Jannat Hotels & Resorts» қонақ үйлер желісі, «Шоро» компаниясы, Қырғызстан қолөнершілер қауымдастығы, «Қырғыз юрта» қоғамдық қорының қолдауымен ҚР СІМ «Қырғыздипсервис» дипломатиялық сервис мемлекеттік кәсіпорны ұйымдастырған бұл шара астаналық «Jannat Regency» қонақ үйінің салтанат залында өтті.

Оған 9 шетелдік дипломатия өкілдіктері - Қазақстан, Италия, Қытай, Куба, Пәкістан, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Украина және жергілікті тауар өндірушілер қатысты. Олар ұлттық тағамдардан дегустациялық дастархан дайындап, сөрелерді кәдесый өнімдерімен толтырды.

Фестиваль қонақтары ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татып, ұлттық әндер мен билерді тамашалады, көрші-қатысушылардың кәдесыйлары мен киімдері таныстырылды. Концерттік бағдарламада халықаралық фестивальге қатысқан президенттік оркестр муызканттары мен шетелдік орындаушылар өнер көрсетті.

Алғыс ретінде Бішкек қарттар үйінің тұрғындары бөлек концерттік бағдарлама дайындады.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT