Қазақстан білім беру туризмін дамыту үшін болашағы бар ел - Елбасы

None
None
АНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Қазақстан білім беру туризмін дамыту үшін болашағы бар ел. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Дүниежүзілк туризм ұйымы Бас Ассамблеясы 18-інші сессиясының ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 ғасырда Қазақстанның инновациялық-технологиялық дамуының базалық бағыты - ол адам әлеуетін нығайтып, интеллектуалдық ұлт құру. Осы орайда Қазақстан білім беру туризмін дамыту үшін болашағы бар ел», - деді Елбасы.

Мұнымен қоса Мемлекет басшысы елімізде ғарыштық туризмге назар аударылып отырғандығын айтып өтті. «Қазіргі кезде әлемде отыздан астам ғарыш айлақтары бар. Алайда Байқоңырдың орны ерекше. Атап айтқанда Байқоңыр - ол дүние жүзіндегі ғарышты дамытудың бесігі. Онымен бүгінде дәуірлік оқиғаларды байластыруға болады», - деді Президент сессияның салтанатты ашылуы кезінде сөйлеген сөзінде.

Соңғы жаңалықтар