Қазақстан билік тармақтарының арасында тепе-теңдікті нығайтуда - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтудың жаңа кезеңіне аяқ басты, деп пікір білдірді Мексиканың Қазақстандағы және Анкарадағы елшісі Марта Елена Фредерика Барсена Кокю. 

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында атап өткендей, Қазақстан Республикасы алғаш егемендік алған жылдары күшті, саяси - президенттік басқару жүйесін қажет етті. Бұл Қазақстанға қарқынды экономикалық өсімі мен жан басына шаққандағы табыс өсімі бар, білім беру, спорт, ғылым және экономика салаларында жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Аталған кезең табысты аяқталды, енді Қазақстан билік тармақтары арасындағы теңгерімді арттыруды, демкоратияны күшейтудің жаңа кезеңіне аяқ басты. Біз, мексикалықтар, Қазақстанда бар бұл екі қасиет Орталық Азияның алдағы дамуының негізі болып отырғандығын ескерте келе қазақстандықтарға сәттілік пен тұрақтылық тілейміз», - деп атап өтті елші.

Оның сөзінше, Қазақстан Орталық Азияда маңызды геосаяси рөл атқарады және оны БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде ұсынуға мүмкіндігі зор.

«Мен орталықазиялық мемлекеттің БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне тұңғыш рет мүше болып отырғандығын айтып өткім келеді. Орталық Азия соңғы уақытта әлемдік тәртіптің құрылымын өзгертуде әсіресе маңызды аймаққа айналып отыр. Мексиканың көзқарасы бейбітшілік пен ядролық қарудан азат өмір мәселесіне келгенде Қазақстанмен сәйкес келеді»,- деді ол.

Қазақстан халықаралық шиеленістерді реттеуде орталық рөлін ойнайды. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қамтамасыз етуде маңызды болып табылатын Ресей мен Түркия арасындағы шиеленісті реттеу ісене зор үлес қосты. Жақында ғана Сириядағы жағдайды реттеу мен атысты тоқтатуға қатысты Түркия, Ресей мен Иран өкілдерінің ұйымдастырған кездесу Астанада өтті.

«Осындай қиын-қыстау жағдайда Қазақстан ұлы державалар мен дамып келе жатқан мемлекеттердің арасындағы тепе-теңдікті сақтау ісінде маңызды рөл атқарады»,-деп жалғастырды.

Соңғы жаңалықтар