Қазақстан бензинді Беларуське қашан экспорттай бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәслихатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Беларусь Президенті Александр Лукашенко осындай ұсыныс жасады. Растаймын. Осындай әңгіме болды. Бірінші вице-премьерлері келіп, тиісті екіжақты келіссөздерді өткіздік. Қазір жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселені талқылап жатырмыз. Егер келісімге келсек, 2-3 айдың ішінде мүмкін Қазақстан мен Беларусьтың арасында келісімшарт болады», - деді Энергетика министрі.

Қанат Бозымбаев сонымен қатар, Қазақстан бензин экспортын арттырса, елімізде бензин бағасы қымбаттап кетпей ме деген сұраққа да жауап бере кетті.

«Ол бізге еш зиянын тигізбейді. Өйткені, өзіміздің мұнайымызды Францияға Қытайға, Италияға жеткізіп сатып отырмыз. Беларусь неге алмайды? Мен түсінбеймін. Арамызда бір ғана мәселе бар - ол кедендік алым. Дәл сондай мәселе Ресей мен Беларусь арасында да бар. Соны біз дұрыстап шешсек, ешқанда проблема болмайды», - деді министр.

Еске сала кетсек, осы жылдың мамыр айында Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанды мұнай бойынша келіссөздерді жандандыруға шақырған болатын.

«Қазіргі уақытта біз көмірсутек шикізатын тасымалдауды әртараптандырумен айналысып жатқанымызды білетін боларсыздар. Бізде бірнеше нұсқа бар. Беларусь басқа жерден де мұнай тасымалдау бағытында келіссөздер жүргізу үстінде. Биыл мұнай өңдейтін зауыттарды жаңғырту жұмысын аяқтаймыз. Сол себепті, бізге әлемдік нарықтан мұнайды сатып алу жеңілдей түседі. Бұл бағыттағы келіссөздерді бастап кеттік те. Енді Беларусьқа қазақстандық мұнайды жеткізу бойынша келіссөздер жанданса дейміз», - деген еді Александр Лукашенко.

Соңғы жаңалықтар