Қазақстан Беларусьте бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр - Е. Бөлегенов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Беларусьте бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы бүгін Могилев облыстық атқарушы комитетінің төрағасы Владимир Доманевскиймен болған кездесуде Қазақстан Республикасының Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Дипломаттың пікірінше, екі елге өзара тауар айналымын өсіруге жағынан жұмыс істеп қоймай, бизнесті кооперациялау, ірі инвестициялық өндірістерді құру бойынша одан да терең өзара ықпалдастыққа өтетін уақыт келді. «Ол үшін бізде мемлекет басшылары мен үкіметтерінің деңгейінде расталған екі елдің стратегиялық серіктестігін қоса алғанда, жеткілікті әлеует бар. Ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңінде біз Қазақстан мен Беларусь аумағында нақты өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруда қалалар мен аймақтар арасындағы байланысты дамыту және нығайту болашағын көріп отырмыз», - деп атап өтті Е.Бөлегенов.

Әлемдік экономикадағы күрделі жағдайды күштерді біріктіріп, екіжақты өзара қарым-қатынастарды дамыту үшін пайдалану керек. «Бізге бірлескен өндірістерді құру, бәсекеге қабілетті өнімді оны тек екі мемлекеттің аумағында ғана сатпай, көршілерге жеткізу, үшінші елдерге экспорттау үшін шығару бойынша белсенді жұмыс істеу керек», - деп есептейді Елші. Ол өз тарапынан Беларусь, атап өткенде, Могилев облысы ұсынатын күрделі инвестициялық жобалар,а жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Қазакстан Республикасының Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі "Могилевлифтмаш" ААҚ-ның жұмысымен танысып, Могилевтағы қазақ киносы апталығының ашылуына қатысты.

Соңғы жаңалықтар