Қазақстан-Беларусь бизнес форумында 15 келісімге қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Қазақстан – Беларусь бизнес форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің екіжақты сауда-инвестициялық байланыс жоғары деңгейде даму үстінде. Бүгінде Минскіге Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды Павлодар қалаларынан бірнеше әуе рейстері қатынайды. Бірігіп өнім шығару екі елдің экономикасының дамуы мен қаржы тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді. Бүгінде өзінде елдер машина жасау саласында бірлескен жобаларды қолға алуда. Әсіресе Қазақстанды Беларусьтің өңдеу өнеркәсібіндегі тәжірбиесі аса қызықтырады. Біздің экономика мен сауда саласындағы көрсеткіште шетел инвестициясының алар орны ерекше, оның ішінде Беларусь республикасы да бар. Өткен жылы Қазақстанға шетелден келген тікелей инвестиция көлемі 15,8 пайызға артып, 24,3 млрд АҚШ долларын құрады», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бизнгес форумда.

Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес бастаудың жеңілдігі» рейтингінде 28 орында, ал Орталық Азия елдері арасында 1-орынға ие.

«Қазақстан миноритарлық инвесторларды қорғау көрсеткіштері бойынша да 1 орынға ие. Одан бөлек, Дүниежүзілік экономикалық форум рейтінгінде жаһандық бәсекелестік индексінде 4 сатыға жоғарылап, 55 орынға тұрақтадық. Осы аталған көрсеткіштер еліміздің әлемдік экономикада өзіндік орны барын дәлелдеп отыр», - деді Р.Скляр.

Қазақстан мен Беларусь елінің арасында 2026 жылға дейін өзара әлеуметтік-экономикалық серіктестік туралы келісім жасалған.

«Бүгінгі Қазақстан-Беларусь форумы екіжақты атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың бір тармағы. Бұл үдеріс алдағы уақытта өз жалғасын тауып, екі ел қарым-қатынасын нығайта түсетініне сенімдімін», - деді ол.

Өз кезегінде Беларусь республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Александр Турчин екі ел арасында бірнеше сала бойынша бірлескен жобалардың қолға алынатынын айтты.

«Беларусь пен Қазақстанның диалогы – екі елдің өзара қарым-қатынасы мен экономика дамуының бірден бір құралы. Бүгінгі өзара ынтымақтастық екі ел басшылары жүргізіп отырған ұтқыр саяси шешімдердің жемісі болып табылады. Беларусь президентінің сөзімен айтқанда, Қазақстан Беларусь елінің саудадағы стратегиялық серіктесі. Қазақстан біздің ел үшін сауда-экономикалық қарым-қатынаста топ-10 ел қатарына кіреді. Соңғы екі жыл ішінде екі арасындағы тауар айналымы 2 есеге өсті. Айтар болсақ, 2018 жылы ол 900 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар бүгінде екі ел арасында транспорт-логистика инфрақұрылымына да ерекше мән берілуде. Бізді әсіресе Қазақстанның логискалық мүмкіндігі қатты қызықтырады», - деді А. Турчин форумда сөйлеген сөзінде.

Айта кетсек, форумы аясында барлық сомасы 75 млн АҚШ долларын құрайтын екіжақты 15 келісімге қол қойылды. Оның 11-і коммерциялық құжаттар, қалған 4-і коммерциялық емес құжат болып табылады.

Соңғы жаңалықтар