Қазақстан байланыстың бесінші толқынын енгізуге дайын - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Халықаралық электр байланысы (ITU) одағымен бірлесіп байланыстың бесінші толқынын енгізуге, кең жолақты интернетті ұсыну үшін геостанционарлық емес спутникті кеңінен қолдануға дайын. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ОАР-дағы Халықаралық электр байланысы одағы дүниежүзілік форумында жасаған баяндамасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АКМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 10-13 қыркүйек аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында Халықаралық электр байланысы одағы дүниежүзілік форумы - ITU Telecom-2018 World өтіп жатыр. Бұл іс-шараға Қазақстанның атынан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысуда. 

Форум аясында министрлердің дөңгелек үстелі өтті. Оның барысында үкіметтердің интеллектуалдық цифрлық технологияларды дамыту шарттары, жаңа цифрлы әлемнің қауіп-қатерлерін жою және цифрлық технологияларды дамытуды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

Дәурен Абаев өз баяндамасында жаһандық экономиканы дамыту мен адамдардың өмір сүру жағдайын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) маңыздылығын атап өтті.

Министр республикамыздың алдында тұрған тәуекелдер мен жетістіктер туралы айта келе, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының айрықша рөлін атап өтті. Бұл бізге АКТ саласын сапалы дамытудың жаңа кезеңіне шығуымызға мүмкіндік береді.

Ведомство басшысы Қазақстанның Халықаралық электр байланысы одағымен бірлесіп бесінші байланыс толқынын енгізуге, кең жолақты интернетті ұсыну үшін геостанционарлық емес спутникті кеңінен қолдануға дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, форум аясында министр Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Хоулин Чжаомен кездесті. Сондай-ақ, ITU Электр байланысын дамыту бюросының директоры Брахим Санумен, Сауд Арабиясы Коммуникациялар және ақпараттық технологиялар комиссиясының төрағасы Абдулазиз Бин Салем Ал Руаиспен және Әзербайдан көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Тофиг оглу Велизадемен жүздесті. 

null null 

Соңғы жаңалықтар