Қазақстан Байқоңыр сынды ғарыш зымырандарын ұшыру орны болумен қатар өзінің ғарыш өндірісін де жолға қояды - Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан Байқоңыр сынды ғарыш зымырандарын ұшыру орны болумен қатар өзінің ғарыш өндірісін де жолға қояды.

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының басталу құрметіне орнатылған естелік белгінің ашылу рәсіміне қатысқан Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтты.

Сөз басында аталған шараға жиналғандарды Астана күні мерекесімен құттықтаған Премьер-Министр Мемлекет басшысының 2008 жылғы Францияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерге сәйкес әрі Елбасының француздық EADS Astrium компаниясымен бірлесіп аталған жобаны салу бойынша дайындық бастауға нақты тапсырма бергендігін атап өтті.

«Бұл Мемлекет басшысының шетелдік инвестицияларды тарту, жоғары технологиялық заманауи өндіріс орындарын құру бағытындағы жүргізіп отырған шынайы саясатының жүзеге асырылуы», деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысы естелік белгінің ашылу рәсіміне қатысқан француздық әріптестердің де осы жобаның жүзеге асырылуына мол күш-жігер, ресурстар, өздерінің білімдерін жұмсағандықтарын тілге тиек ете келе, «менің ойымша белгіленген уақытта бұл жоба жүзеге асатын болады және Қазақстан Байқоңыр сынды ғарыш зымырандарын ұшыру орны болумен қатар өзінің ғарыш өндірісін де жолға қояды. Бұл өте маңызды оқиға», деді.

Соңғы жаңалықтар