Қазақстан бауырлас Түркияға гуманитарлық көмек жеткізді

None
None
ТАМБҰЛ. 28 қазан. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Тербелісі 7,2 балл болған жер сілкінісінен зардап шеккен түріктің Ван провинциясына Қазақстаннан гуманитарлық көмек артқан ұшақ келіп жетті.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Түркия Республикасының Президенті А.Гүлмен телефон арқылы сөйлесіп, көптеген адамдардың қаза табуына және ғимараттардың құлауына әкеп соқтырған Түркияда болған жер сілкінісіне байланысты Қазақстан халқы және өз атынан көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстан Президенті сұрапыл апаттан зардап шеккендерге Қазақстанның көмек және қолдау көрсетуге әзір екендігін атап өтті.

Түркия Президенті Қазақстан Президентінің Ван провинциясында болған апатқа орай көрсеткен шынайы көңіліне алғысын білдірді.

Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағы Түркияның зардап шеккен аймағына ең қажетті гуманитарлық жүктен тұратын, оның ішінде 600 орындық 60 қыстық шатыр, 60 жылытқыш пеш, 300 көрпе, 300 төсек-орын, азық-түлік және т.б. заттарды жеткізді.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жүктелген қазақстандық ұшақты Ерзурум әуежайында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаев және провинцияның басшылары қарсылады.

Гуманитарлық жүкті түрік тарапына тапсыру барысында Ж.Түймебаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың түрік халқына және басшылығына деген жылы демеу сөздерін және шынайы көңіл айтқан тілегін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар