Қазақстан батысындағы үш өңірде полигондарда снарядтар жарылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан батысындағы үш өңірде полигондарда снарядтар жарылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА арнаулы тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу-жаттығу полигондарында жарылмай қалған снарядтардан алаңды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оған инженерлік-саперлік бөлімшелер мен полигондық командалар, сондай-ақ жол талғамайтын әскери техника жұмылдырылған. Тазартуға жататын аумақтың жалпы көлемі 50 мың гектардан астамды құрайды. Бұл - Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында орналасқан «Оймаша», «Бекет Ата», «Есет Батыр» және «Қарабатан» оқу-жаттығу полигондарының учаскелері. Полигондарды жоспарлы түрде толықтай тазарту жылына екі рет жүргізіледі. Негізгі мақсат - жеке құраммен оқу-жаттығу өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарылмай қалған снарядтар мен оқ-дәрілерді жою», - деп мәлім етті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскерлері қолбасшысы басқармасының баспасөз қызметінен.

Атап өтілгендей, қауіпсіздік мақсатында жарылу қаупі бар барлық заттар жатқан жерінде жару арқылы жойылады. Сапер-әскери қызметшілер қорғанысқа арналған жеке құралдармен, брондалған кеудешелермен, саперлердің арнайы костюмімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар жарылу қаупі бар заттарды 0,6 метр тереңдікте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи мина іздегіштер қолданылуда.




Авторы А.Соколов

Соңғы жаңалықтар