Қазақстан басшысына Түркия астанасында ескерткіш орнату - достық пен құрметтің белгісі болмақ - түрік зиялыларының пікірі

None
None
nbsp; ЫСТАМБҰЛ. Мамырдың 28-і.ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Түркия Президенті Абдолла Гүлдің Қазақстан Республикасының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Анкарада ескерткіш орнату ниеті түркиялық қоғам қайраткерлерімен қатар жалпы ел-жұрт тарапынан да қолдау тапты. ҚазАқпарат оқырмандарына түрік зиялыларының пікірін ұсынады.

Сүлейман ШЕНСОЙ Сүлейман ШЕНСОЙ, Түрік-Азия Стратегиялық зерттеу орталығының (TASAM) президенті:

- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа түрік астанасында ескерткіш орнату, ол достық пен құрметтің символы. Сонымен қатар екі елдің бауырмалдық қатынастарын нығайту жолындағы игілікті қадам, қазақ және түрік халықтары арасындағы тұрақты әрі тығыз байланыстарының белгісі болмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев мырза тек өз елінің немесе өңірінің ғана емес, бүкіл әлемде аты шыққан көшбасшы. Кеңес Одағы ыдыраған кезде, басқа мемлекеттермен салыстырғында Қазақстан Президентінің алғырлығы, сарабдал басшылығының арқасында қазақ елі барлық салада алға басып, жақсы дамып келеді.

Н. Назарбаев бұл қошемет пен құрметке өте лайық екені хақ.

Ахмет ТАШАҒЫЛ Ахмет ТАШАҒЫЛ, «Мимарсинан» университетінің ректорының орынбасары, профессор:

- Ұзақ уақыттан бері түркі тілдес елдерінің жұмысын бақылай келе, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті жетілдіру, дамыту жұмысын қарқынды жүргізген білекті, белді тұлға.

Түркия оны біледі және қастерлейді. Сондықтан да бұл ескерткіштің ашылуы, түрік жұртшылығының қазақ халқына деген кіршіксіз туыстық жақындығының бір белгісі болар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев мырза өз халқына, еліне адал қызмет етіп, айрықша еңбек сіңіріп отырғаны белгілі. Қазақстан көшбасшысының әлем алдындағы үлкен беделі түркітілдес мемлекеттерге үлгі.

Сонымен қатар Қазақстан біздің ең басты және маңызды серіктесіміз. Бұл елдің мемлекет басшысына ескерткіш орнату, ол өз кезегінде түрік және қазақ екі туыстас, қандас, тектес халықтар достығының нышаны.

Невзат  ЯЛЧЫНТАШНевзат ЯЛЧЫНТАШ, Түркия Парламентінің 21 -22шақырылымдарының депутаты, профессор.

- Біздің қазақ бауырларымыз өзінің ыстық қонақжайлығы мен құрметін танытып, Астананың ең көрікті жерінде көсеміміз Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткішін тұрғызып, ерекше қошемет көрсетті.

Оны көріп біз ерекше сүйсіндік. Баршамызға мәлім Қазақстан өз аймағында демократиялық тұрақты елдің бірі. Көрші ағайынды елдердің барлығы Қазақстанның даму стратегиясына тамсана қарайтыны жасырын емес.

Қадірлі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы, ол тек Қазақстан халқына ғана емес, күллі түрік әлеміне үлгі. Ең қиын кезеңдерден елді өрге сүйреген Н.Назарбаев дүниежүзінің беделді саясаткеріне айналды. Түркия Елбасшысы Абдолла Гүлдің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнату ниетін толықтай құптаймын және игі іс деп есептеймін.

Соңғы жаңалықтар