Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде 34-орынға көтерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы 2019 жылғы рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық мәліметінше, Қазақстан биылғы рейтингте 34-орыннан көрініп отыр. Қазақстаннан кейін тұрған 29 елдің ішінде Италия, Испания, Түркия және Ресей бар.

Рейтингтің бірінші бағанында - Сингапур, екінші орында - Гонконг, үшінші орында - АҚШ, төртінші орында - Швейцария, бесінші орында - Біріккен Араб Әмірліктері орналасқан. Ал ең төменгі орындарға Бразилия, Хорватия, Аргентина, Моңғолия және Венесуэла жайғасқан.

ТМД елдері ішінде бізден кейін Ресей 45-ші, Украина 54-орынды иеленді. Биыл зерттеулер 63 мемлекетте жүргізілген болатын. Еске сала кетейік, өткен жылы еліміз бұл тізімде 38-орыннан көрінген еді.

IMD рейтингі бәсекеге қабілет деңгейін анықтау үшін әлем елдерінің экономикалық даму деңгейін, ел үкіметінің тиімділігін, бизнес тиімділігі мен инфрақұрылымдық даму көрсеткіштерін басшылыққа алады.

Соңғы жаңалықтар