«Қазақстан барысына» Қызылордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – «Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы, қызылордалық Мақсат Исағабыловқа екі бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан барысы-2022» турнирінің жеңімпазы Мақсат Исағабылов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдаында болды.

«Алдағы уақытта «Алтын белбеу» мен «Алтын тайтұяқты» Сыр өңіріне тағы да 2-3 мәрте әкелсем деген мақсатым бар. Сондай-ақ, «Әлем барысы» атануға үміттенемін. Туған топырақтың абыройын асқақтау үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», - деді Мақсат Исағабылов.

Кездесуде облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев пен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов ізгі тілектерін арнады.

Еске салсақ, қызылордалық Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысының» жеңімпазы атанған болатын.

Ол 1994 жылдың 17 қарашасында Қызылорда облысында дүниеге келген. Бойы – 184 сантиметр, салмағы – 120 келі.


Соңғы жаңалықтар