«Қазақстан барысы»: Жартылай финалға шыққан балуандардың есімі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өтіп жатқан «Қазақстан барысы-2019» турнирінде жартылай финалға шыққан балуандардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалға Айбек Нұғымаров (ШҚО), Айбат Сейтен (Нұр-Сұлтан), Руслан Әбдіразақов (Алматы) пен Ерасыл Қажыбаев (ШҚО) шықты.

Финалға шығу үшін Айбек Нұғымаров Руслан Әбдіразақовпен, ал Айбат Сейтен Ерасыл Қажыбаевпен белдеседі.

Еске сала кетсек, елорданың «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Қазақстан барысы - 2019» турнирі өтіп жатыр. Республикалық турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

Соңғы жаңалықтар