«Қазақстан Барысы» турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын балуан белгілі болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда күрестен облыстық «Ақмола барысы» турнирі өтіп, ең мықты балуан анықталды.

Облыс орталығындағы "Юбилейный" кешенінде өткен сайыста 117 спортшы түрлі салмақта аймақ балуанының алтын белбеуін сарапқа салды. Ең ауыр салмақта белдескен түйе балуан күресінде 185 мың теңгенің сертификатын бурабайлық Нұрлан Жамалов қанжығасына байлады.

Облыстың әр өңірінен жиналған кілең мықты 36 балуанның ішінде бағы мен бабы қатар шапқан Нұрлан енді маусымның 29-і күні Астана қаласында өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар, Ақкөл ауданының намысын жыртып, 2-ші орын алған Леонид Станеев те «Қазақстан Барысы» турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Еске сала кетсек, бурабайлық Нұрлан Жамалов осымен 4-ші мәрте «Ақмола барысы» атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар