«Қазақстан барысы»: Қостанай өңірінің мықты балуаны анықталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Еңбек резерві» спорт кешенінде қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қостанай қыраны» облыстық іріктеу турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, бұл жарыс биыл сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдымен, аудан, қалалардың балуандары өз өңірлерінде іріктеу турнирін өткізді. Содан жеңіп шыққан балуандар финалдық кездесуге жиналды.

Екі күнге созылған додада балуандар сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті.
«Түйе палуан» бәсекесіне 20-дан астам тарта балуан тіркелді. Тартысты өткен жарыстың финалында қазақ күресінен спорт шебері Ғабит Балғынбаев пен бірнеше мәрте облыс чемпионы Асылбек Әбдіровтің жолы түйісті. Жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болған финалдық кездесу тәжірибелі Балғынбаевтың пайдасына шешілді.
null

Енді осы екі палуан облыс намысын республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қорғайтын болады. Үшінші орынды жас балуан Дәулетхан Қосмағамбетов иеленді.
«Осымен екінші мәрте «Қостанай қыраны» атағын иелендім. Бірақ, бұл жолғы жеңіс оңайлықпен келмеді. Қарсыластарымның бәрі мықты. Әсіресе, Абылайхан Қасымхан мен Талғат Жиентаевтың дайындығы жақсы еді», - дейді жарыс жеңімпазы.
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев «Қостанай қыранына» 300 мың теңгенің сертификатын тапсырды.
null null

Соңғы жаңалықтар