Қазақстан барысы: Айбек Нұғымаров Дәулетхан Жақыповты жеңіп, келесі кезеңге өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2013 жылғы «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров елордада өтіп жатқан «Қазақстан барысы» турнирінде алғашқы кездесуін жамбылдық Дәулетхан Жақыповпен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеребе бойынша турнирде 144 келі салмағы бар Айбек Нұғымаров пен 93 келілік Дәулетхан Жақыпов кездесіп қалды. Салмақтары сай келмесе де, Дәулетхан өзінің осал емес екенін айқын танытты. Алғашқы үш минутта Айбек алға шыққан еді. Белдесу барысында Дәулетхан бір ескерту алып қалды. Белдесу аяқталуға 1 минут 40 секунд қалғанда Айбек жартылай жеңіспен басымдыққа ие болды. Дәулетхан белдесу аяқталғаннан кейін бір бүк ұпай алып үлгерген еді. Алайда жеңіс Айбектің қанжығасында кетті.

Айбек Нұғымаров келесі белдесуін «Халық барысы» атанған Дәулет Нұралиновпен өтізеді.

Еске сала кетсек, елорданың «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Қазақстан барысы - 2019» турнирі өтіп жатыр. Республикалық турнирді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Ұйымдастырушылар осы уақытқа дейін айтқандай, финалдық бәсекеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 35 балуан белдеседі. Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпазға 25 миллион теңгеден бөлек, алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «Тайтұяқ» табыс етіледі. ІІ және ІІІ орынға ие болған спортшыларға сәйкесінше 5 миллион 500 мың және 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар палуандарға әр жеңісі үшін 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталады.

Соңғы жаңалықтар