«Қазақстан Барысы-2016»: Ширек финалға шыққан 8 балуанның аты-жөні анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр.

Қазір сүзгіден сүрінбей өткен 8 балуан «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ширек финалына шықты.

Олар: Алматы облысының атынан сынға шығып жатқан Ұлан Рысқұл және тағы бір Алматы облысының өкілі Александр Касачёв, қызылордалық Бейбіт Ыстыбаев, астаналық балуан Айтуар Абдулов, Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап келген Жұманазар Ерсұлтанов, жамбылдық Айбол Айтбек және Дәулетхан Жақыпов, қызылордалық Еламан Ерғалиев.

Айта кетейік, ширек финалға шыққан сегіз балуанның үшеуі Жамбыл облысының өкілі.

Соңғы жаңалықтар