«Қазақстан Барысы- 2016»: Бейбіт Ыстыбаев Ұлан Рысқұлды жарыс жолынан тайдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада төрінде Ұлт Көшбасшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр.

«Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысқан балуандардың ішінен 8 балуан ширек финалға шыққан болатын. Ширек финалда қазақтың қос батыры екі дүркін «Қазақстан Барысы» атағының иегері Бейбіт Ыстыбаев пен тұңғыш «Қазақстан Барысы» атағының иегері Ұлан Рысқұлдың жолдары түйісіп, нәтижесінде Бейбіт Ұлан Рысқұлды жарыс жолынан тайдырды.

Енді жартылай финалда Ыстыбаев астаналық Дәулетхан Жақыповпен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар