«Қазақстан Барысы-2014» иегері Мұхит Тұрсынов бірінші айналымнан аса алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан "Қазақстан Барысы-2017" турнирінде Мұхит Тұрсынов алғашқы белдесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол бірінші белдесуінде биылғы тұңғыш рет қатысып жатқан әскерилер арасынан шыққан "Әскер барысы" Еламан Ерғалиевтен жеңілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхит Тұрсынов 2014 жылы "Қазақстан барысы" жеңімпазы атанған болатын. Алайда өткен жылы облыстық іріктеуде туындаған даулы себептерге байланысты финалдық жарыстан шеттетілген еді. Араға бір жыл салып, қайта күрескен Тұрсыновтың бүгін жолы болмады.

Соңғы жаңалықтар