Қазақстан барлық азиялық спортшылар үшін қысқы олимпиадалық ойындарға дайындық орталығы болуы мүмкін - Т. Досмұхамбетов

None
None
А. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Қазақстан барлық  азиялық спортшылар үшін қысқы олимпиадалық ойындарға  дайындық орталығы болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада Азия Олимпиадалық кеңесінің Үйлестіру комитеті отырысында Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Министрдің айтуынша, қысқы олимпиадалық ойындарды елордада тұрақты түрде өткізіп тұруға болады. Себебі,  осы өңірдегі ауа райы мен климаттың жағдайы аталған спорттық шараларды ұйымдастыруға қолайлы.

 Астанада барлық қысқы спорт түрлері орналасатынына тоқталған ол, «біз Бурабайда қысқы спорт түрлері бойынша 500 адамға арналған халықаралық орталықты салып жатырмыз. Оны аяқтағаннан кейін барша Орталық Азия спортшыларының жарыстарын өзімізде өткізе аламыз», деді.

 Т. Досмұхамбетовтың сөзіне қарағанда, аталған орталықта қысқы спорт түрлерінен дайындықтар үшін барлық жағдай жасалатын болады және ол қазіргі заманғы үздік орталықтардың біріне айналмақ. Осы жерде Владимир Сахнов және Владимир Смирнов секілді шаңғышылар, яғни олимпиада чемпиондары дайындалғанын айта келе Т. Досмұхамбетов, азиялық мемлекеттерді қысқы спорт ойындары бойынша болашақта өздерінің спортшыларының дайындықтарын Қазақстанда өткізуге шақырды.

  «Менің ойымша, сіздермен бірлесе жұмыс істеп, біздің орталықтарда жарыстар өткізетін боламыз. Бұл база қысқы олимпиадалық ойындарда барлығымыз үшін табысты  түрде қатысуға көмектеседі»,  деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар