Қазақстан банктері салымшыларға жеке мәліметті иемденуге талпынған алаяқтардан сақ болуды ескертті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық банктер салымшылардың банктік мәліметін иемденуге талпынған алаяқтардың әрекетінен сақ болуды ескертті. Бұл туралы «Каспий банкі» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбек айтты.

Оның айтуынша, осы аптада бірқатар қазақстандық банктердің қауіпсіздік қызметі қылмыстық мақсатпен клиенттердің банктік мәліметтерін заңсыз алуға талпыну дерегін әшкерелеген. Алаяқтар клиенттердің сеніміне кіру арқылы электронды поштаның көмегімен банктік деректерін алуға тырысқан.
«Қаскөйлер банк қызметкерлерінің атынан қазақстандықтардың электронды пошталарына төлем карталарында көрсетілген мәліметтерді - карта иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі, қорғаныш кодын беру туралы хат жіберген. Электрондық хаттарды жіберу барысында қаскөйлер өз пошталарына банктердің домендік аттарын пайдаланған, мысалы - @kaspi.kz, @eubank.kz, @homecredit.kz немесе @centercredit.kz», - деді Е.Азанбек.
Баспасөз қызметі мәлімдегендей, банктер клиенттерден электронды пошта арқылы төлем картасының мәліметтерін ешқашан сұрамайды. Бұл мәліметтер банктік құпия туралы заңмен қорғалған мәліметтер қатарына жатады.
Алаяқтардың тұзағына түсіп қалған азаматтар болса, бірден өз банктеріне хабарласып, картаны құлыптап, жаңа карта шығаруға өтініш беруі қажет.
«Kaspi Bank клиенттері карталарын Kaspi.kz сайтындағы жеке кабинетінен бірден бұғаттай алады. Немесе 9999 нөміріне хабарласу қажет. Евразиялық банктің клиенттері 7722 нөміріне хабарласып немесе Smartbank интернет банкинг қызметі арқылы карталарын бірден бұғаттай алады. Мұны ұялы байланыс қосымшасы арқылы да жүзеге асыруға болады. Хоум Кредит Банк карталарын ұстаушылар 7373 нөміріне хабарласу арқылы карталарын бұғаттай алады. Банка ЦентрКредит Банкінің клиенттері карталарын «Starbanking» ұялы және web-қосымшасының көмегімен және Авторазициялау орталығының 7 (727) 2447777 нөмірі арқылы бұғаттауына болады. Мұны қалай жасау керектігін толығырақ біздің ролигімізден көре аласыздар: https://youtu.be/UG-CpV39nBM», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар